Жамбылдық шенеунік шаруаларға бөлінетін субсидияны отбасылық бизнесіне аударып отырған

Жамбылдық шенеунік шаруаларға бөлінетін субсидияны отбасылық бизнесіне аударып отырған. Осылайша мемлекет қаржысын меншіктеп алған ақжағалы 160 миллион теңге көлемінде пайда тауыпты.

Жамбылдық шенеунік шаруаларға бөлінетін субсидияны отбасылық бизнесіне аударып отырған

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Бұл қаржы науқан кезінде бағасы шарықтап кететін жанар-жағармайға жеңілдік ретінде шаруаларға бөлінуі тиіс еді. Құжат бойынша солай болған да. Алайда Шу аудандық әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Самат Сейдахметов субсидияны өзінің жақындарына ғана беріп келіпті. Ол үкіметтен бөлінген көл-көсір қаржыны баласының, келінінің, әйелінің және ағасының шаруа қожалығына аударып келген. Екі жыл бойы оң қалтасындағы ақшаны сол қалтасына салуды оңтайландырған шенеунік 160 миллион теңгені туыстарына таратқан.

«Сейдахметовтың тарапынан мемлекеттік қызметкерге қойылатын шектеулер жүйелі түрде бұзылғандығы анықталды. Яғни комиссия төрағасы ретінде актілерге қол қойып отырған. Осыған байланысты департамент тарапынан ұсыныс енгіліген. Шу аудан әкіміне. Сөйтіп жұмыстан босатылды»,-дейді ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басқарма басшысы Дәурен Омаров.

Оқи отырыңыз: 

Қарағандыда екі жасар бүлдіршіннің тісін емдемек болған анестезиолог ауруды басатын екпенің орнына психотропты дәрі салған

Қарыз қайтарылсын: Назарбаев ақшаны қайтармаған банктерге шүйлікті

Депутаттар наразылық білдірді: Астананың мерейтойын атап өтуге 19 миллиард теңге жұмсалады

Депутат министрге: Беделіңіздің түскені соншалық, өмір бойы қалпына келтіре алмайсыз

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр