Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбылдағы көшкіннен қаза болған сарбаздардың өліміне айыпталған майор түрмеден құтылып кетті

Бүгін Шымкенттің әскери соты қар көшкінінің астында қалып мерт болған сарбаздардың өліміне қатысты айыпталған жалғыз майорға үкім шығарды. Бақыт Шойбеков кінәлі деп танылғанымен, 3 жылға шартты түрде ғана бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды КТК арнасы.

майор шымкентский

«Қызметіне салғырт қарағаны үшін» деп айыптап, бар-жоғы үш жыл бергенін судья бұған дейін майордың қызметінде кінәрәт болмағанымен, екі баласы мен кәрі шешесінің барымен түсіндіріп отыр. Оның үстіне мерт болған сарбаздардың туыстары Шойбековті толық кешірген еді.

Айта кетсек, 7 сарбаздың өмірін жалмаған қайғылы оқиға биыл 17-ші ақпанда болған. Жамбыл облысындағы Көксай шатқалына әскери оқу-жаттығуға барған бір топ жауынгер қар көшкінінің астында қалып қойды. Құтқарушылар 16-сын қар астынан аман аршып алғанымен, 7-уі сол жерде жан тапсырған.

Жіберіп алмаңыз:

Әрбір бейсенбі күні әруақтар босағаға келіп құран дәметеді деген рас па?

Шымкенттік өнертапқыш қазақ әрпін латынға аударудың оңтайлы жолын ойлап тапты

Алматыда ұлдарын асқан қатыгездікпен өлтіргендерге қатысты жаңа деректер шықты

Алматыда ешқашан мектепке бармаған 11 жастағы қыз табылды

Талқылау