Жамбыл облысының тұрғыны пойызда саудагер әйелді өлтіріп кетті
Шу станциясында жолаушылар пойызында бөлшек саудамен айналысатын әйелді өлтірген Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды.
Бұл туралы ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Садубаев хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
«Ішкі істер басқармасының қызметкерлері Шу станциясында жолаушылар пойызында бөлшек саудамен айналысатын әйелді өлтірген Жамбыл облысының тұрғынын ұстады»,- деп хабарлады ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Садубаев .
Оның айтуынша, ұсталған адам «параноидтық шизофрения» диагнозымен диспансерлік есепте тұрған және бұрын сотталған. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз:
Теміртауда тұрғын үйлер ауласында адамды өртеп жіберген
Павлодарда 11 жасар баланы жел ұшырып, өзенге құлатып жіберді
Шымкентте бала туамын деп ауыр халге душар болған әйел көз жұмды
Талқылау