Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында қар көшкінінен қаза тапқан әскерилермен қоштасты

Бүгін Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы қар көшкінінен қаза тапқан әскери қызметшілермен қоштасты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қаза тапқан әскерилердің мәйіті туыстарына жеткізіледі. Жерлеу рәсімінің уақытын отбасылардың өздері шешеді.

Қаза тапқандардың төртеуі Жамбыл облысында тұратындығы белгілі. 24 жастағы келісімшарт қызметіндегі қатардағы жауынгер Тілеужан Кеңесов, 22 жастағы қатардағы жауынгер Мақсат Шәкен, 26 жастағы ефрейтор Мұхит Тұрысмағанбетов – Жуалы ауданының, 25 жасар кіші сержант Әуесбай Ерісбаев – Тараз қаласының тумасы. Алматылық аға лейтенант Әлішер Мошабаев пен кіші сержант Мақсат Қыдырбаев небәрі 26 жастарында көз жұмды. 29 жастағы кіші сержант Әмір Аралбаев ОҚО тұрғыны болған.

????????????????????????????????????

ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов  қар көшкінінен зардап шеккен әскери қызметшілердің хал-жағдайын Тараздағы әскери госпитальға өзі барып білді.  Бүгінгі күні әскери госпитальде сарбаздарға қажетті барлық мамандандырылған медициналық көмек көрсетілген, әскери қызметшілердің жағдайы тұрақты, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

????????????????????????????????????

Сондай-ақ, әскери ведомствоның басшысы қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларымен кездесті. Қорғаныс министрі мерт болған азаматтардың отбасылары мен туған-туысқандарына көңіл айта отырып, олардың әрқайсысының өздерінің әскери борышын абыроймен атқарып, әскери қызметтің хас шебері болғанын  атап өтті.

Қазіргі кезде Үкіметтік комиссия Жамбыл облысында орын алған қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап,  анық-қанығына жету үшін тергеуді жалғастыруда.

Талқылау