Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында жаппай мал қырылып жатыр

Үш күннің ішінде кәріз суы жиналған көлден су ішкен 11 бас жылқы мен 11 қой өлген. Шаруалар малдың арам қатуын жақын маңдағы өндіріс орнынан көріп отыр. Олардың айтуынша, сол Натрий-Цианид зауыты химиялық қалдықтарын осында төгеді екен, деп хабарлайды КТК арнасы.

Бүгін таңертең Қаратаудағы шаруалардың төбесінен жай түскендей болды. Өріске шыққан бір үйір жылқының 11 басы көлден су ішкен соң бірінен кейін бірі тәлтіректеп құлаған. Жығылған жылқылар жатқан жерінен тұрмай сеспей қатыпты. Жұрттың айтуынша, қамбар ата тұқымдарының жаппай қырылуына көлдегі су себеп екен.

«Су ішкендері бірден құлады. Тыпырлағандарын қазір көрсетемін. Ана біреулерінің мұрнынан су кетті. Жаны қиналғаны соншалықты бірден құлын тастап жатыр», – дейді мал иелерінің бірі.

Бұл көлге 40 жыл бойы қаладан шыққан қалдық су құйылып келген. Ал екі жылдан бері мұнда Натрий-Цианит шығаратын зауыттың химиялық шайындылары да төгіліп жатыр. Дәл осы улы су жұтқа себеп болуы мүмкін дейді жұрт. Өйткені содан бері мал-жан мен, аң-құстың өлу дерегі жиілеген.

«Орталық канализация бар қаладан келетін. Соған келіп қосылған. Суларын соған жібереді. Тазаламайды- ау деймін. Сонымен цианид мында кетіп жатыр, содан өлді деп ойлаймыз енді», – дейді Қаратау қаласының тұрғыны Серікбай Бапахов.

Оқиға болған жерде аудан басшылары тайлы-тұяғымен жүр. Бірақ жағдайға қатысты жарытып жауап бере алмады. Тіпті, барынан айырылған шаруаларға шығын көлемі өтелер, өтелмесі де белгісіз.

«Біз енді судан өлген деп отырмыз. Әзірге растай алмаймыз, бұл біздің күдігіміз. Әзірге лабараторияның қорытындысы келгенше нақты жауап айта алмаймыз», дейді Талас аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы Берік Қаратаев

Осыдан бір жарым ай бұрын мына көлден су ішкен 4 бас жылқы арам қатқан екен. Ал екі күн бұрын тағы бір шаруаның 11 бас қойы өлген. Жұрттың айтуынша, содан кейін тексеру жүргізген мамандар, малдың жаппай өлу себебін анықтай алмаған. Осы деректен соң ветиринарлар тағы да сараптама тағайындады. Ал шаруалар бұл оқиға да жабулы қазан күйінде қала ма деп қорқып отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда күйеуімен ажырасқан әйел екі айдан бері балаларымен далада түнеп жүр

Теледидар мен компьютерді параға алған түрме басшысының масқарасы шықты

Эксклюзивті кадрлар: Ақмола облысында құлаған тікұшақтың суреттері жарияланды (фото)

11 жасар баланың трамвай астына не үшін секіргені белгілі болды

Талқылау