Жамбыл облысында автобус аударылып, бірнеше адам қаза тапты
Жамбыл облысындағы Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолында жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, бірнеше адам мерт болды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
21 сәуірде таңғы сағат 7:40-та Қордай ауданы Соған ауылының маңында «Mersedec Sprinter» шағын автобусы аударылып қалды. Автобустың ішінде 17 адам болған.
Жол көлік оқиғасы салдарынан 2 адам көз жұмды. Ал жарқат алған жолаушылар Қордай ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Шымкентте мұғалім мектепте асылып қалған
Түркістанда күйеуі кішкентай балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірген
Өскеменде полицейлерден қашқан ер адам 5-інші қабаттан құлап кетті (видео)
Талқылау