Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында жасөспірімді туыс екі ағасы 6 жыл бойы зорлап келген

Жамбыл облысында 13 жасар қызды екі туыс ағасы 6 жыл бойы зорлап келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Бала құқықтары жөніндегі аймақтық уәкіл Динара Закиева өзінің Instagram-дағы парақшасында туыс ағаларынан зәбір көрген жасөспірімнің ісін қолға алған. Кәмелетке толмаған қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Балалар омбудсменінің айтуынша, қазір қыз бен анасы қауіпсіз жерге көшірілді. 

“Оларға қажет көмек көрсетіліп жатыр. Облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткізілген көшпелі комиссия отырысының нәтижесінде аудан әкімінің орынбасары мен мектеп директорына қатысты шара қолданылды”, – дейді Динара Закиева.

Оның айтуынша, қыз мектеп психологы жинаған сауалнамада өзінің қиын жағдайда екенін жеткізбек болып, белгі берген. Алайда оның бұл әрекетін ешкім елемеген. Жасөспірім оқитын мектеп – ауылдағы жалғыз мектеп.

Балалар омбудсмені лауазымды тұлғалардың немқұрайлығы үшін оларды жауапқа тарту мақсатында прокуратураға жүгінген. 

Талқылау