Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішінде екі жасар бала бар: Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам қаза тапты (видео)

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болып, жеті адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Оқиға 16 қыркүйек күні кешкі уақытта болған. Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігі мен шағын автобусқа соқтығысқан.



"16 қыркүйек күні сағат 18:30 шамасында "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" республикалық жолының 526-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Cadillac Escalade жүргізушісі алдында келе жатқан көлікті басып озамын деп қарсы жолаққа шығып кеткен. Сосын DAF жүк көлігімен соқтығысқан. Содан кейін Cadillac Escalade көлігі өз жолағына қайта шығып, Газель көлігіне соғылған. Салдарынан екі көлік өртенді", – делінген облыстық полиция хабарламасында. 

Апат салдарынан екі жүргізуші мен жол талғамайтын көліктің бес жолаушысы, оның ішінде екі жасар бала оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, бұған дейін 15 қыркүйекте түнгі сағат 2 шамасында Алматы-Өскемен тас жолының 25-шақырымында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болған еді. Салдарынан көлік жүргізушісі қаза тапқан. 

Талқылау