Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында төтенше жағдайларға арналған шатырлар орнатылды

Жамбыл облысындағы Меркіде жер сілкінгеннен кейін жол бойына уақытша шатырлар тігіліп жатыр. Мамандар мұны төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған жоспарлы сақтық шарасы дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазір алаңдауға негіз жоқ. Олар мұны 28 наурызда болған екі жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі жедел штаб отырысының қорытындысында айтты. Жағдай тұрақты. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық тиісті қызмет күшейтілген режимде жұмыс істейді.



Құтқарушылар жергілікті тұрғындардан сақтық шараларын сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды.

"Тұрғындарды Меркі ауданына арнайы техникалар келіп, уақытша шатырлар орнату мәселесі алаңдатып отыр. Бұл іс-шаралардың барлығы төтенше жағдайдың алдын алуға бағытталған алгоритмге сәйкес жүргізіліп жатыр. Алаңдауға негіз жоқ", – деп сендірді әкімдік.

Зардап шеккендер жоқ, барлық мекеме қалыпты жұмыс істеп тұр. Олардың мәліметінше, 14 әлеуметтік нысан – 9 білім беру, 2 денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау, спорт және мәдениет салаларындағы 1 нысан зардап шеккен.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев тұрғындардың талабын ескере отырып, келтірілген шығынды бағалау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ аудан әкімдеріне ауылдық жерлердегі нысандарды аралап, жағдайды қадағалауды, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, қажет болған жағдайда психологиялық көмек көрсету үшін мамандарды жіберуді тапсырды.

Еске салайық, 28 наурыз күні сағат 03:42-де Алматыдан 323 шақырым оңтүстік-батыста, Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Жамбыл облысының тоғыз елді мекенінде жер сілкінісінің сезілу күші 5-тен 2 балға дейін болған. Ең жоғары 5 балл – Меркі ауданының Меркі ауылында тіркелді. Тұрар Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 балл болды, ал Тараз, Шу қалаларында, сондай-ақ Қордай және Мойынқұм аудандарында 2 балл болды.

Талқылау