Жамбыл облысында тағы да жер сілкінісі болды
Қазақстанның оңтүстігінде тағы да жер сілкінісі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Коллаж: Stan.kz
Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, магнитудасы 4,8 болатын жер сілкінісі сағат 15:56-да Жамбыл облысы Меркі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде тіркелген.
Әлеуметтік желіде Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезінгенін хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін 28 наурыз сағат 03:42-де Қазақстанның бірнеше аймағында жер сілкінгені туралы жазған едік. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан. Кейін әлеуметтік желіде Қазақстанның оңтүстік аймағында түнде болған жер сілкінісінің видеолары тараған.
Талқылау