Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік грант бойынша білім алған студент 2,5 миллион теңге оқу ақысын қайтаруға міндеттелді

Фото: ЖИ

Жамбыл облысында сот мемлекеттік грант бойынша білім алған студентті оқу қаражатын қайтаруға міндеттеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мойынқұм аудандық соты "Қаржы орталығы" АҚ-ның мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқу қарызын өндіріп алу туралы арызы бойынша істі қарады.

Соттың мәліметінше, жауапкер республикалық бюджет қаражаты есебінен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ауыл жастарына арналған квота бойынша білім алған. Оны оқытуға мемлекеттен 2,5 миллион теңгеден теңгеден астам қаражат жұмсалған.

Заңнамаға сәйкес, мұндай квота бойынша білім алған түлектер жіберілген жері бойынша 3 жыл жұмыс істеуге немесе оқыту шығындарын өтеуге міндетті. 


Мемлекеттік грантын жұмыс істеп өтеген түлектер миллиондап айыппұл арқалаған: Бұған ғылым министрлігі не дейді

"Шәкіртақысын өзі алмаған": Шымкенттегі Жоғары медицина колледжінің студенті 4 жыл бойы грантта оқығанын білмеген


“2023 жылы университетті бітіргеннен кейін азаматша И жұмыс орнына келмеген және Жұмыспен қамту орталығында тіркелмеген. Осыған байланысты "Қаржы орталығы" сотқа 2,5 миллион теңге негізгі қарызды және 666 мың теңге тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды талап етті. Сотта жауапкердің өкілі тек негізгі қарыз сомасын мойындап, айыппұл өндіріп алуға қарсылық білдірді”, – делінген сот хабарламасында. 

Сот арызды ішінара қанағаттандырып, жауапкерден 2,5 миллион теңге мөлшерінде негізгі қарыз сомасын өндіріп алу туралы шешім шығарды. Талап қоюшының уақтылы жүгінбеуін ескере отырып, тұрақсыздық айыбының мөлшерін 66 мың теңгеге дейін азайтты.

Еске салсақ, бұған дейін шетелде оқитын қазақстандық студенттер мемлекетке салық төлеуі тиіс екені туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Жұма, 12 Қыркүйек, 2025 21:58
Талқылау