Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қыздарыңды алып кетіңдер": Сәлем салудан бас тартқан қазақстандық әйел соттан бір-ақ шықты

Сәлем салудан бас тартқан қазақстандық әйел соттан бір-ақ шықты

Фото: ЖИ

Жамбыл облысының Жуалы ауданында әпкесіне сәлем салмағаны үшін ер адам әйеліне боқтық сөз айтқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жуалы аудандық соты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлігі “Отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы былапыт сөздер” бойынша азамат Т-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарады.

Мейрамханадағы үйлену тойы кезінде Т жұбайынан үлкен әпкесіне сәлем салуды өтінген, ал әйелі сәлем салудан бас тартқан. Олар үйге оралған соң, ер адам әйелінің мінез-құлқына наразылығын білдіріп, оған қатысты былапыт сөздер айтқан. Әйелдің сөзінше, күйеуі қайын енесіне қоңырау шалып, қызы мен немерелерін алып кетуді дөрекі түрде талап еткен.


"Келінді жүгенмен сүйреп, сәлем салдырды": Желіде тараған видео қазақстандықтардың ашуына тиді


Қазақта күйеу жігіт қайын жұртына иіліп сәлем салған – Этнограф


Сотта құқықбұзушы кінәсін толық мойындап, әйелінен шын жүректен кешірім сұрап, тараптардың медиация тәртібімен татуласқанына байланысты соттан істі тоқтатуды сұрады. Әйелі де істі тоқтатуды сұрады. 

Сот қаулысымен іс бойынша іс жүргізу тараптардың медиация тәртібімен татуласқанына байланысты тоқтатылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 27 Қараша, 2025 13:43
Талқылау