Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында келінін балағаттаған қайын ата 10 тәулікке қамалды

келінін балағаттап 10 күнге қамалдыФото: Stan.kz/AI Copilot арқылы жасалды

Жамбыл облысында қайын ата келінін тағы да балағаттап, 10 күнге қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сарысу аудандық соты бір жыл ішінде екінші рет заңсыз әрекет жасаған ер адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады (ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігі).

Сот мәліметінше, ер адам бұрын әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлігімен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) жауапқа тартылған. Соған қарамастан, ер адам биыл маусым айында келініне балағат сөздер айтып, тыныштығын бұзған. Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, өкініп, кешірім сұрады.



Жәбірленуші қайын атасының мас күйде балағат сөздер айтқанын растады. Дегенмен кешірім беретінін айтты. Құқық бұзушының кінәсі жәбірленушінің арызымен, тараптардың айғақтарымен, хаттамамен және құқықтық статистика органының мәліметтерімен расталды. Сот істі жан-жақты зерттей келе, кінәні толық дәлелденген деп тапты.

Сот қаулысымен ер адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 2-бөлігімен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) кінәлі деп танылды. Ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Қаулы заңды күшіне енді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда келін өзін балағаттаған енесін сотқа бергені туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 16 Шілде, 2025 11:41
Талқылау