Қазақстандықтарды 200 миллион теңгеге алдаған ерлі-зайыпты танысының үйінде жасырынып келген

Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысында алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы ер адам мен оның 45 жастағы жұбайын ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ерлі-зайыпты адамдардың сеніміне кіріп, түрлі сылтаумен Астана және Семей қалаларының тұрғындарының шамамен 200 миллион теңге көлеміндегі қаражатын алдап алып алған.
Олар ұзақ уақыт бойы халықаралық іздеуде жүрген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде таныстарының үйінде жасырынғаны белгілі болды.
Қазір ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі