Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында бір топ азамат таңқурай өндіреміз деп алдап, мемлекеттен 800 миллион теңге субсидия алған

Жамбыл облысында бір топ азамат таңқурай өндіреміз деп, жоқ өндіріске 800 млн теңге субсидия алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қаржы мониторингіне сілтеме жасап хабарлайды.

Азаматтар жалған құжаттар толтыру арқылы субсидияға өтініш берген.

"Таңқурайдың субсидияланатын сұрыптарын жеткізу үшін жалған шот-фактуралар жазылған. Кейін шаруа қожалықтары иелерінің келісімінсіз, тіпті олардың хабарынсыз фермерлердің атынан субсидия алуға электронды өтінімдер жіберліген", – деді ведомство.

Пайдалы жидектердің егінін тексеруге инспекторлар келгенде істің беті ашылды. Қазір құқық қорғау органдары алаяқтық бойынша төрт қылмыстық істі тергеп жатыр.

Талқылау