Жамбыл облысында әйел екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберген

Қайғылы жағдай Жамбыл облысы Төле би даңғылы бойындағы жатақханалардың бірінде болған. 36 жастағы әйел өз үйінің терезесінен екі кішкентай баласын лақтырып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
5 жастағы қыз бен 3 жастағы ұл аман қалып, жедел түрде Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Балалар көп жарақат политравма диагнозы қойылды. Қазір балалар жансақтау бөлімінде жатыр.
Екі бала да бас миының жарақатын алып, олардан ми ісігі анықталды. Қыз баланың жамбас сүйегі сынып кеткен. Дәрігерлер ертең оған ота жасалатынын айтты.
HAalyqstan Telegram арнасының мәліметінше, қайғылы жадайдың алдында әйел күйеуімен жанжалдасып қалған. Ұрыс-керістен кейін ер адам үйден шығып кеткен. Ал әйел эмоцияға ерік беріп, алдымен қызын, сосын ұлын терезеден лақтырып жіберген. Өзі де соңынан секіріп кетпек болған, бірақ соңғы сәтте ойынан айнып қалған.
Соңғы жылдары әйелді қатты бас ауруы мазалап жүрген.
Екі кішкентай баланы өлтірмек болды деген фактімен қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сондай-ақ күйеуінің де болған іске қатысы бар деген ақпарат тарады.
Еске салайық, бұған дейін 30 шілдеде сағат 13:00-де дәрігерлерге әйелдің екі баласын терезеден лақтырып, өзі де бесінші қабаттан секіргені туралы хабар түскен. Кейін полиция оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлаған. Оқиға болған күні кішкентай ұлына бір бүйрегін алу операциясы жасалған. Операция кезінде оның жүрегі тоқтаған, бірақ дәрігерлер оны қайта қалпына келтірген. 1 тамызда кішкентай ұлдың жүрегі қайтадан тоқтаған. Оқиға болғаннан екі аптадан кейін, үлкен ұл ауруханадан шығарылғаны белгілі болды. Оған бір жылдық қалпына келтіру қажет болады.
Тамыз соңында дәрігерлер балалардың анасының өзіне ауруханадан шығарылғанын хабарлаған. Қазан ортасында қылмыстық істі тергеу аяқталғаны белгілі болды. Полиция хабарлағандай, әйел психикалық денсаулық орталығында емделіп жатыр. Қазан соңында облыстық сотта әйелге қатысты қылмыстық іс қарауға түскені хабарланды. Сонымен қатар сот отырыстары жабық режимде өтетіні түсіндірілді. Кейін әйелдің қылмыстық жауапкершіліктен босатылғаны белгілі болды.