Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында ауыл мектебінде жұмысшы ағаштан құлап, мерт болды

Жамбыл облысында ауыл мектебінде 51 жастағы жұмысшы ағаштан құлап, мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Жамбыл облысында адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Ауыл мектебінде 51 жастағы жұмысшының өліміне байланысты полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі “Еңбекті қорғау ережелерін бұзу” бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу аясында қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне тексеру жүргізу туралы қаулы мен хат түсті.

Еске салайық, 21 желтоқсанда Семейде қалалық шыршаны безендіру кезінде мұғалім Қуат Айтқали биіктен құлап, ауыр жарақат алған еді. Оқиғадан кейін оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жағдайға байланысты пікір білдіріп, ұстаздарды міндетіне кірмейтін қызметке жұмсауға болмайтынын ескертті.

Талқылау