Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында 15 жастағы қыз босанды: Күдікке әскери адам ілінді

оқушы қыз жүкті болып қалдыФото: oxu.az

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған 15 жастағы қыз сәбиін дүниеге әкелді. Баланың әкесі ретінде бұрынғы Ұлттық ұланның қатардағы жауынгері танылып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, баланың әкесі ретінде бұрынғы Ұлттық ұланның қатардағы жауынгері күдікке ілінген.

Полиция қызметкерлері бұл заңбұзушылықты өңірдегі оқу орындарының бірінде жүргізілген профилактикалық жұмыс барысында анықтаған. Ақпарат түскен соң, олар тексеру бастап, 16 жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түсу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдікті Ұлттық ұланның бұрынғы қатардағы жауынгері. Қазір ол тергеу астында. Алайда күдіктінің қамауда отырғаны немесе бостандықта жүргені әзірге белгісіз.

“Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, заңбұзушылықты полицейлер оқу орындарының бірінде жүргізілген профилактикалық іс-шара барысында анықтаған. Ақпарат белгілі болғаннан кейін тексеріс басталып, Қылмыстық кодекстің 16 жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түсу дерегі бойынша іс қозғалды”, – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда тергеу амалдары басталып кетті.


Жамбыл облысында депутаттың күйеуінен жүкті болған оқушы қыз тағы да бала көтеріп қалған


Қырғызстанда қайын атасы келінін 1 жыл бойы зорлап келген: Кейін әйел одан бір бала туған


Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында 13 жасар қыздың туысқан екі ағасы оны алты жыл бойы зорлап келгенін жазған едік. Сот оларға үкім шығарды. Біреуі 35, екіншісі 37 жаста. Шындық оқушы жүкті болғаннан кейін бір-ақ ашылған. Алайда жүкті кезінде де ол мектепке барып жүрген, алайда ұстаздар оның жағдайын байқамаған. Қыз 13 жасында ана атанды. Ал оны зорлаған екі азамат та 13 жасар қызды зорлағаны үшін колонияға жіберілді. Олар Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі "кәмелетке толмаған кішкентай баланы зорлау" бойынша кінәлі деп танылды. Біреуі өмір бойы, екіншісі 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек, 2025 17:15
Талқылау