Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында 14 жастағы оқушы қыз жүкті болып қалды

оқушы қыз жүкті болып қалдыФото: oxu.az

Жамбыл облысы Байзақ ауданында 9-сынып оқитын 14 жастағы оқушы қыздың жүкті екені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қыздың сырт келбетінен өзгерістер байқаған анасы оны дәрігерге апарып, ультадыбыстық зерттеуден өткізген. Соңында диагноз расталды. Бұған дейін жасөспірім әкесімен бірге тұрған, ал анасының басқа отбасы бар. Қазір ол көрші ауылда тұратын анасының қасына көшіп барған.

Жүкті екені анықталған соң, қызды медициналық есепке қойып, бұл жағдайды мектеп те білген. Осыдан кейін жасөспірімдердің ата-аналары түсініктеме беруге шақырылды.

Білім бөлімі қызға психологтар көмектесіп жатқанын, оның жағдайын мамандар бақылап отырғанын хабарлады. Сондай-ақ болған оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін құзырлы органдар тергеу жұмыстарын бастады.

Ведомство өкілдері ауданда ерте жүктіліктің алдын алу бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатқанын, әрекетсіздік туралы тараған қауесеттер шындыққа жанаспайтынын атап өтті.


Қырғызстанда қайын атасы келінін 1 жыл бойы зорлап келген: Кейін әйел одан бір бала туған


16 жасында жүкті екенін айтқан қазақстандық блогер жалған сөйледі деп айыпталды


Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында 13 жасар қыздың туысқан екі ағасы оны алты жыл бойы зорлап келгенін жазған едік. Сот оларға үкім шығарды. Біреуі 35, екіншісі 37 жаста. Шындық оқушы жүкті болғаннан кейін бір-ақ ашылған. Алайда жүкті кезінде де ол мектепке барып жүрген, алайда ұстаздар оның жағдайын байқамаған. Қыз 13 жасында ана атанды. Ал оны зорлаған екі азамат та 13 жасар қызды зорлағаны үшін колонияға жіберілді. Олар Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі "кәмелетке толмаған кішкентай баланы зорлау" бойынша кінәлі деп танылды. Біреуі өмір бойы, екіншісі 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 27 Тамыз, 2025 17:33
Талқылау