Жамбыл облысында 13 жастағы қарындасын зорлады деп айыпталған екінші адам ұсталды
Жамбыл облысында кәмелет жасқа толмаған қызды алты жылдан бері зорлап келді деп айыпталған екінші ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Shutterstok.com
Жасөспірім ағаларының тарапынан зәбір көріп келген.
“Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Мойынқұм ауданында аса ауыр қылмыс жасады (кәмелетке толмаған баланы зорлау) деген күдікпен іздеуде жүрген күдіктіні ұстады”, – деп мәлімдеді полиция.
Полицияның мәліметінше, күдікті Шу ауданынан 60 шақырым жердегі шаруа қожалығынан ұсталған.
“Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция бірінші күдіктіні ізін суытпай ұстаған еді. Бұл қылмысы үшін ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін”, – деп мәлімдеді Жамбыл облысы полиция департаменті.
Бұған дейін Жамбыл облысында 13 жастағы қызды екі ағасы алты жылдан бері зорлап келгені туралы жазған едік.
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты
Кейіпкердің 15 миллион теңге берешегі болған
Көкжайлаудағы тау шаңғысы курорты Шымбұлақтан 3 есе үлкен болады: Қоғам белсенділері жобаны неге сынға алып жатыр?
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев