Жамбыл облысына күрестен жаттығуға келген 22 жасөспірім уланып ауруханаға түсті

Фото: ДСМ
Қызылорда облысынан күрес бойынша оқу-жаттығу үшін Жамбыл облысына келген 22 жасөспірім астан уланып ауруханаға түсті. Деректерге сай, олар шығу тегі әзірге анықталмаған гастроэнтеритпен улануы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Балалар Жамбыл облысындағы демалыс аймағынан ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, олар күрес бойынша оқу-жаттығу жиындарына жаттықтырушыларымен бірге келген. Демалыс аймағында 12 мен 17 жас аралығындағы шамамен 100 бала орналастырылған.
Әкімдіктің мәліметінше, тағамдардан және науқастардан зертханалық сынамалар алынған. Қазір олардың нәтижелері күтілуде.
Гастроэнтерит – асқазан мен ішектің шырышты қабығының қабынуы. Оған вирустар немесе бактериялар себеп болуы мүмкін. Негізгі белгілері – құсу мен іш өту.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"