"Жамбасын ұстап өткен": Астанада ер адамның көшеде қызға азғындық жасағаны видеоға түсіп қалды
Видеодан скриншот
Астаналық қыз көшеде жұмыс істеп жатқанында ер адам азғындық жасаған. Оның әрекеті видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астанада пилатес жаттықтырушысы Арина құрбысымен бірге хоккей мектебінің терезесін жууға шыққан. Олар сол сәтті видеоға түсіріпті.
Қыз терезе жуып жатқан сәтте жасы үлкен ер адам қыздың жамбасын ұстап кетеді. Қыз шошып кеткенін және айтарға сөз таппай қалғанын көруге болады.
Кейін Арина полицияға шағымданып, құзырлы органдар ер адамды анықтады. “Ұсақ бұзақылық” бабы бойынша іс қозғалды.
Ер адамның 58 жаста екені және отбасылы, 6 баланың әкесі екені белгілі болды.
Еске салсақ, бұған бейін Ақтөбеде мешітте ер адам қызға интимдік қатынас үшін бір реттік некеге тұруды ұсынғаны туралы жазған едік. Желіде тараған видеода бойжеткен ер адамның оны мешіттен шығармай қойғанын айтқан.
Көп ұзамай полицейлер мешітте қызға орынсыз сөйлеген ер адамды анықтап, ұстады. Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында 42 жастағы күдікті Талғат Ахметовке қатысты іс қаралды, сотта күдікті өз кінәсін мойындамады. Алайда сот Ахметовтің кінәсі дәлелденді деп тауып, оны 5 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.

Джей Ло концертінде жұмыс істеген кәмелетке толмаған волонтерлер ұйымдастырушыларға шағымданды
