Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаманқұлов Мұхамедиұлының “откаты” туралы айтып берді

Арыстанбек Мұхамедиұлының басы тағы да дауға ілікті. Бұл жолы оның сұраншақтығы туралы Тұңғыш Жаманқұлов ашық әңгімеледі. Осы уақытқа дейін ҚР Мәдениет және спорт министрінің фильм түсіру үшін “откат” сұрағаны туралы режиссер Талғат Жәнібеков айтқан болатын.

новый коллаж

Бұл туралы informburo.kz басылымы хабарлайды.

Жұртты шулатқан даудың басы “Феникс” фильмінің түсірілімінен басталған-ды. Талғат Жәнібековтың айтуынша, Арыстанбек Мұхамедиұлы араға адам салып, “откат” сұраған. Министр мұны жала деп, режиссердің өзін сотқа береді. Артынша белгісіз себептермен Жәнібеков сөзін қайта алады.

Бұл мәселеге қатысты Тұңғышбай Жаманқұловтың да айтары бар екен. Ол мұндай келеңсіз жағдайлардың бекер болып жатпағанын тілге тиек етті.

“Халық арасында жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды деген сөз бар ғой. Кеше шыққан әңгімелер бекер емес. Рас, біз қазір ешнәрсе дәлелдей алмаймыз. Парақорлар әбден әккі болып алған. Бірақ, бізден 150 мың доллар сұрағанын нақты білемін. Даудың бәрі сол ақшадан шығып отыр. Біз айттық, алдымен біздің жобаға ақша аударсын, сосын әрі қарай мәселені шешерміз деп. Бірақ, бізге алдымен ақша деп қол жайып отырып алды. Бізде қаржы болмағандықтан сұрағанын бере алмадық.

Ол болса 7 ай бойы бізден 150 мың долларды әкеп береді деп күтті. Ол бізге бөлінген ақшаны басқа жаққа қарай аударып жіберді. Бәлкім, оған “откат” берген тарапқа берген шығар. Бірақ, қолымызда дәлел жоқ. Біз мемлекеттік қызметкер емеспіз. Қолымызда қандай да бір күш жоқ. Ал, ол шенеунік, оған жағымпазданып, дегеніне көнетіндер көп. Оның айтқандарын бәрі растап тұрады, ал бізді кез-келген уақытта жала жапты деп айыптай салуы мүмкін. Өйткені, біз ол секілді министр емеспіз”, – дейді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Артистің айтуынша, “Феникс” фильміне деп жыл басында бөлінген қаражатты министр басқа жобаға қарай бұрып жіберген. Әзірге Тұңғышбай Жаманқұловтың бұл мәлімдемесінен Мәдениет министрінің қаншалықты хабардар екені белгісіз.


Жіберіп алмаңыз:

Арыстанбек Мұхамедиұлынан енді әріптестері де теріс айнала бастады

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Пантеон әрбір мемлекетте  бар 

Арыстанбек Мұхамедиұлы Головкин туралы фильм түсіруді ұсынды

Мәскеуде Арыстанбек Мұхамедиұлына қарсы жауап берген қырғыздар марапатталды

Талқылау