Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалпы есепте Өзбекстан алда: Халықаралық турнирде қазақстандық төрт боксшы алтын жүлде еншіледі

Даниал СабитФото:ҚБФ

Болгария астанасы Софияда бокстан халықаралық турнир “Странджа кубогінде” қазақстандық 9 боксшы жүлдеге ілікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат  агенттігі хабарлайды.

Оның төртеуі алтын, 2 күміс, 3 қола. 

Алтын жүлдені 50 келіде Даниал Сәбит, 54 келіде Элина Базарова, 80 келіде Надежда Рябец және +80 келіде Валерия Аксенова жеңіп алды.

Ал күміс медаль 70 келіде Фарух Тоқтасынов пен 65 келіде Лаура Есенкелдіге бұйырды.

Үш қола медальді 54 келіде Әнел Сақыш, 75 келіде Валентина Хальзова мен +80 келіде Дина Исламбекова еншіледі.

Айта кетейік, бұл додаға барлығы Қазақстан атынан 39 боксшы аттанған еді. Соның небәрі тоғызы ғана жүлдеге ілікті.

Нәтижесінде Қазақстан жалпы есепте 4 алтынмен  2-орынға тұрақтады. Бірінші орынды 7 алтын жүлде еншілеген Өзбекстан жайғасты. Үздік үштікті 3 алтын медальмен Украина елі түйіндеп тұр.

Ақерке Өмірхан
Дүйсенбі, 02 Наурыз, 2026 09:46