"Жалпы 17 миллиард теңгелік заңбұзушылық": Қазақстан бірде-бір медаль ала алмаған спорт түрлеріне 4 миллиард теңге жұмсалған
Фото: pixabay.com
Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік аудит тексеріс жүргізген соң Қазақстанның спорт саласында жалпы 17 миллиард теңге көлемінде заңбұзушылық анықталғанын мәлімдеді. 11 спорт түріне 4 миллиард теңге бөлінсе де, бірде-бір медаль алынбаған екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәліметтерге сенсек, кейбір олимпиадалық емес спорт түрлеріне олимпиадалықтарға қарағанда көп қаржы бөлінген. Олимпиадалық дайындық бойынша 19 спорт түрінде жаттығу бағдарламалары жоқ. Спорт резервін дайындау жүйесі тиімсіз болып, Балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне қабылдау ашық болмай, цифрлық база жүргізілмеген, медициналық көмек беру жүйесі ескірген.
Дирекция басшылығына жыл сайын орта есеппен 7,7 миллион теңгеден сыйақы берілген, жалпы сома – 3,5 миллиард теңге.
Министрлік 2024 жылдың маусымында қабылданған жаңа заңда спорт түрлерін қаржыландыруға лимит енгізілгенін, кәсіби клубтарға бюджет шектеулері қойылғанын алға тартты.
Сонымен қатар қаражат бөлу критерийлері қайта қаралғанын хабарлады. Жалпы 17 миллиард теңгелік заңбұзушылық мынадай бағыттарда:
• Қаржылық бұзушылықтар – 348 миллион теңге
• Тиімсіз жоспарлау – 2,8 миллиард теңге
• Тиімсіз шығындар – 13,7 миллиард теңге
• 157 аудит материалы әкімшілік жауапқа тарту үшін жолданды.
Министрлік кемшіліктерді жою бойынша Жоғары аудиторлық палатамен бірлескен жоспар қабылдап, сыртқы аудитті ашықтық пен тиімділікті арттыру құралы ретінде қарастыратынын мәлімдеді.
Антикор сотталған вице-министр Мұсайбековтің жаңа қызметке тағайындалуына қатысты пікір білдірді
"Ордабасы" футбол клубы 2,3 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Еске салайық, бұған дейін 2025 жылы сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев дене шынықтыру және спорт туралы заңға өзгерістер енгізуге қол қойды. Жаңа заңға сәйкес шетелдік легионерлерді бюджет пен квазимемлекеттік сектор қаржысы есебінен қаржыландыруға тыйым салынды. Бюджет қаражаты енді тек төрт бағытқа, яғни жоғары жетістіктер спорты, бұқаралық спорт, спорт ұйымдарының қызметі және инфрақұрылымды дамытуға ғана жұмсалады. Сонымен қатар басым спорт түрлері нақты нәтижелерге қарай анықталып, допингке қарсы шаралар күшейтіледі.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
