Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалқау почташының үйінен жарты тонна хат табылды

Италиядағы Виченца қаласының полициясы пошташының үйінен 573 кг хат  тауып алған. Ол тиісті мекен-жайларға жеткізілуі керек хаттарды сегіз жыл бойы тасымалдамай, үйінде сақтап келген. Бұл туралы The Independent басылымында хабарланды.

Алғаш болып қоршаған ортаны қорғау орталығының еріктілері дабыл қаққан. Олар қоқыс қағазы ретінде келген Италия поштасының мөрі басылған, тіпті ашылмаған 25 сары қорапты алған. Қораптың ішінен 56 жастағы пошташының осы уақытқа дейін жібермеген хаттары табылды.

Хаттардың арасында банк хабарламалары, жарнамалық өнімдер, анықтамалар, шоттар, сондай-ақ коммерциялық хат-хабарлар да болған. Олардың арасында жеке хаттар болмаған.

Полиция бөлімшесі қанша жыл өтсе де, табылған барлық хаттарды тиісті мекен-жайға жіберетіндерін айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Қалыңдық өз тойына кешігіп, тұрмысқа шықпай қалды

Ғашықтар 120 метр биіктікте некелесті (фото)

Әлемдегі ең ұзын ер адам мен ең қысқа бойлы қыз Мысырда кездесті

Иесіне махаббатын дәлелдеу үшін күн сайын жапырақ әкеліп жүрген мысық көпшілікті сүйсіндірді (фото)

Талқылау