Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалғыз қазақ: Торғайлық ақын тағы да Димашқа өлең арнады (фото)

Ақын Саят Әбеновтің ерекше дауыс иесі Димаш Құдайбергеновке арнаған кезекті өлеңі ғаламторды шарлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Screenshot_2

Бүгінде Димаштың есімін білмейтін қазақ, ал Димаштың арқасында қазақтың атын білмейтін қытай жоқ.

Бұл ретте қолына қара қалам ұстаған қаламгерлер оған деген алғысын жырмен жеткізуде. Мәселен, торғайлық ақын Саят Әбенов осымен екінші рет Димашқа өлең арнап отыр. Оның алғашқысы “Жарайсың, Димаш” деп аталса, бұл жолғысын ақын “Жалғыз қазақ” (Димаш – қытайлармен сайысқа түсіп жатқан жалғыз шетелдік азамат) деп атаған.

Screenshot_1

Еске сала кетейік, “I am a Singer” музыкалық жарысы 14 кезеңнен тұрады. Оған жеті орындаушы қатысады. Осыған дейін Димаштың Қытайда әлем мойындаған әншілер сайысына қатысып жатқанын жариялаған едік. Қытайлықтар қазақстандық әншіге “Тәңір өзі назарына алған әнші” деп баға берген. Ал жерлесіміз сайыстың алғашқы турында жеңіс тұғырынан көрінді. Бақаудың екінші кезеңі 28 қаңтар күні мәресіне жеткен еді. Аталған кезеңде отандасымыз 1 орынды қанжығасына байлады.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайлық жанкүйерлері Димаш тоқтаған қонақүйді торуылдап жүр

Бала Димаш қандай болды: Димаш өмірге келерде әжесіне аян берілген (фото)

Димаш Құдайбергенов Қытайда бір топ оққағармен жүретін болған (фото, видео)

Асхат Садырбай: Хайуан екеш xайуан да өз ана тілінде сөйлейді

Талқылау