"Жалғыздықтан қорқуды қойдым": Өзінен кіші күйеуінен ажырасқан Әсел Сәдуақасова ерекше жазба жариялады
Фото: https://www.instagram.com/asselsadvakassova/
Танымал актриса Әсел Сәдуақасова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, былтырғы жылға қорытынды жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Актриса жалғыздықтан қорқуды қойғанын жазды. Өнер иесінің айтуынша, бүгінде өзін бұрынғыдан әлдеқайда үйлесімді әрі сабырлы сезінеді.
“Мен жалғыздықтан қорқуды қойдым. Қарым-қатынастан теріс әсер байқасам, оны сақтап қалуға тырыспаймын. Өйткені жалғыз қаламын деген қорқыныш жоғалды”, – деп жазды ол.
Ол сондай-ақ енді бәріне жағуға тырыспайтынын алға тартты.
“Енді бәріне ұнағым келмейді. Өз құндылығым айқынырақ қалыптасып келеді, әрі “менің адамдарым емес” жандардың мақұлдауына бола уақытым мен энергиямды саудалағым келмейді. Өмірімде әртүрлі жетістік кезеңдерін бастан өткердім. Ал былтыр шынайы жетістік дегеніміз – жүйкеңнің, деннің саулығы және жан тыныштығы екенін түсіндім. Өмір бойы жұмыс істеуге тұрарлық ең маңызды нәрсе – осы”, – деп жазды ол.
Өнер иесі өзгелермен арада шекара қоюды үйренгенін айтты.
“Ақыры өзіме өте қатаң шекара қоя бастадым. Сөйтсем, бұл ішкі тіректің, берік өзіндік сүйеніштің негізі мен іргетасы екен. Шекарам неғұрлым анық болса, өзіме сенімім де соғұрлым артып, көңілім де тынышталады. Көп иллюзиядан арылдым. Алғашында мұң болды, кейін қуаныш келді. Мұң – өйткені шындықпен бір нәрсе жасау керек. Қуаныш – өйткені сол иллюзиялармен бірге өзіме деген қаталдық пен артық күтулер де кетіп, демім кеңігендей болды”, – деп жазды ол.
Әсел Сәдуақасова өзімен терең жұмыс істегеннің арқасында сезімталдығы артқанын, сонымен қатар түйсігі күшейгенін жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Әсел Сәдуақасова жаңа өмір бастауға дайын емес екенін мойындағаны хабарланған еді.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты