Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалғыздық белең алған: Жапонияда түрмеге өз еркімен баратын қарттар көбейген

Жапонияда түрмеге баруға ерікті қарттар көбейе бастады. Себебі қартайғанда сонда өмір сүру оңайырақ деп санайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: CNN

Жапониядағы ең үлкен әйелдер түрмесі негізінен егде жастағы тұтқындарға толы. Жергілікті тәртіп сақшыларының айтуынша, жалғыздық мәселесі өзекті болғандықтан, олар темір тордың ар жағында отырғанды ​​жөн көреді.

"Тіпті мұнда мәңгі тұру үшін айына 20 немесе 30 000 иен (67 000-100 000 теңге) төлеуге дайынбыз дегендер де бар", – дейді Точиги әйелдер түрмесінің қызметкері Такайоши Ширанага.

Сотталғандар тұрақты түрде тамақ ішіп, тегін медициналық көмек, күтім көреді, қарым-қатынас орнатады, ал бұл оларға сыртқы өмірде жетіспейді.

"Бұл түрмеде өте жақсы адамдар бар. Мұндағы өмір ең тұрақты деп ойлаймын", – деді 81 жастағы сотталушы.

Ол тамақ ұрлағаны үшін жазасын өтеп жатыр.

Басылымның мәліметінше, 65 жастан асқан жапондардың 20%-ы кедейшілікте өмір сүреді. Күзетші Сиранага адамдардың көпшілігі тірі қалу үшін түрмеге баратынын түсіндірді.

"Мұнда күн суық деп немесе аштықтан келетіндер бар. Олар түрмеде жатқанда тегін медициналық көмек ала алады, бірақ бостандыққа шыққан соң ақысын өздері төлейді, сондықтан кейбіреулер осында мүмкіндігінше ұзақ қалғысы келеді", – деді ол.

Талқылау