"Жалғыз Жанқош емес": Қыз зорлады деп айыпталған боксшының әйелі тың деректі бөлісті
Қыз зорлады деп айыпталған боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты дау басылар емес. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Боксшының әйелі, блогер Клара Иса оқырмандарымен сырласып, сұрақтарына жауап берді. “Ажырасып кетпей, қалай шыдадыңыз?” деген сұраққа кеңінен тоқталды.
“Ет пен сүйектен жаралған адам болғасын әсер етпей қоймағаны рас. Ол қыздың ойдан шығарылған қиялы үшін емес, елдің жазған хаттары ауыр тиді. Кім екенін көріп, өмір салтын түсінгесін көңілім орнына түсті. Жала жауып отырған ер-азаматы жалғыз Жанқош емес екен. Ондай еркектер көп екен, ол қыз арыз жазып жүрген. Алла сана берсін дейміз. Әр нәрсенің қайыры бар. Үлкен сабақ болды. Екеуміздің бір-бірімізге деген сыйластығымызды арттырды. Ешкім ажырасудан сақтандырылмаған. Тағдырда бар болса қашып құтыла алмайсың. Өмір онымен тоқтап қалмайды. Адам неден қатты қорықса, соған тап болады. Сол үшін тек жақсы нәрсе ойлауға тырысыңыз”, – деп жазды Клара Иса.
-
"Есікті күзетіп, түнімен хабарласады": Жанқош Тұраровтың әйелі Әнару Құрманәлінің әрекетіне ашуланды
Еске салайық, белгілі боксшы Жанқош Тұраров танымал композитор Қалдыбек Құрманәлінің қызын зорлады деп айыпталған еді. Осыдан кейін Әнару Құрманәлінің қоғаушысы Ләззат Ахатова “Жанқош Тұраров Әнарудан бұрын тағы бір қызды зорлаған, одан бір баласы бар” деп әлеуметтік желіге ақпарат таратты.
Фото: https://www.instagram.com/klarita_os/