Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі жекпе-жегінен кейін қанша табыс тапқаны белгілі болды

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі соңғы жекпе-жегінде рекордтық табыс тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

34 жастағы спортшы Джексонвиллде өткен жекпе-жекте америкалық Джошуа Ванға (8-1) есе жіберген еді. Бұл Жұмағұловтың келісімшарт бойынша соңғы жекпе-жегі болды. 

Отандасымыз бұл кездесуде 36 мың доллар (16 миллион теңге) алған. Осылайша UFC-дегі ең жоғарғы табысы болып отыр. 

Бұған дейін Манел Кап пен Джефф Молинге қарсы өткізген жекпе-жекте Жұмағұлов 24,5 мың доллар немесе 11 миллион теңге алған. Ал Чарльз Джонсонмен жұдырықтасқанда табысы 31 мың доллар болған. 

Назархан Уән
Дүйсенбі, 26 Маусым, 2023 15:47