Жалғас Жұмағұловты UFC-де жеңген бразилиялық спортшы қазақстандық қарсыласына қарсы жекпе-жек алдында салмақтан өтті
Әлемге әйгілі UFC тұжырымында Жалғас Жұмағаловты жеңіп кеткен бразилиялық спортшы қазақстандық лиганың чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

UFC тұжырымында Жалғас Жұмағұловты жеңіп, Сергей Морозовтан жеңіліп қалған бразилиялық спортшы Раулиан Пайва Alash Pride тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, қарсыласы Руслан Сариев көз түйістірді. Тәжірибелі бразилиялық файтер мен отандасымыз бүгін өтетін Alash Pride 101 турнирінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады. Қос спортшы да тиісті салмақты көрсетіп, 61 келідегі чемпиондық белбеудің иегерін анықтайды.
Айта кетейік, Руслан Сариев шаршы алаңда 18 жекпе-жек өткізіп, он бесінде жеңіске жетсе, Пайва UFC-де 7 кездесу өткізіп, 4 жекпе-жекте жеңіске жеткен.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

