Жалғас Жұмағұлов өзі чемпион болған тұжырыммен қайта келісімшартқа отырды
Жақында ғана еуропалық тұжырымдағы дебютінде жарқын жеңіске жеткен Жалғас Жұмағұлов өзі бұрын чемпион болған тұжырыммен қайта келісімшартқа отырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

UFC тұжырымының экс-спортшысы Жалғас Жұмағұлов еуропалық Oktagon тұжырымындағы дебютті жекпе-жегінде жарқын жеңіске жеткеннен кейін чемпиондық белбеуге бірден-бір үміткер атанған еді. Бірақ қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Fight Night лигасымен 4 жекпе-жекке келісімшартқа отырған. Келісімшарт бойынша отандасымыз 2025 жылға дейін ММА мен бокс ережелері бойынша бірнеше жекпе-жек өткізеді. Ол бұған дейін 2018 жылы Fight Night чемпионы атанып, кейін UFC-ге ауысқан еді.
Айта кетейік, соңғы жекпе-жегін Жалғас Жұмағұлов еуропалық Оktagon тұжырымында Уэльс спортшысы Аарон Эйбиге (16-9-1) қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

