"Жалған жеңілдік": Жарнамада төмен баға көрсетіп, сатылым кезінде бағаны өсірген кәсіпкерлер жазаланады

Фото: depositphotos.com
Жарнамада төмен баға көрсетіп, сатылым кезінде бағаны өсірген қазақстандық кәсіпкерлер жазаға тартылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік саясат қалыптастыру басқармасының басшысы Еркебұлан Тағашев айтып берді.
Әлеуметтік желілерде сатып алушылар “жеңілдікпен” сатылып жатыр деп көрсетілген тауарлардың кассада әлдеқайда қымбат болып шығатынын айтып шағымдануда. Тағашев мұндай жағдайлардың шынымен де кездесетінін растады. Комитет бұл мәселелерді шешу үшін әкімдіктерге тапсырма берген.
Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы шарықтай ма: Ұлттық экономика министрі жауап берді
“Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, біздің өңірлік департаменттерге шағым түсіре аласыз. Шағымға растайтын материалдар, нақты дәлелдер қоса берілуі қажет. Шағым түскеннен кейін құқықбұзушыға тиісті жауапкершілік шаралары қолданылуы мүмкін”, – деді ведомство өкілі.
Мұндай жағдайлар Әкімшілік кодекстің “Көрінеу жалған жарнама” бабы бойынша қарастырылады. 2024 жылдан бастап бұл баппен жауапкершілікке тарту құқығы комитет қызметкерлеріне берілді, бұрын бұл өкілеттік салық органдарына тиесілі еді.
Аталған бап бойынша 1,3 млн теңгеден 4 млн теңгеге дейін айыппұл салу қарастырылған.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстандық дүкендер тауардың бағасын бөліп төлеу кезінде көтере алатынын жазғанбыз.
Қазақстанда тұрғын үйлердің сапасын кім тексереді және өз үйінің қауіпсіз емес екенін білгендер қайда жүгіне алады