Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмолада әскерилер миллиондаған ақша жымқырған

Ақмола гарнизонының әскери қызметкерлері жалған ауру туралы анықтама жасап, миллиондаған қаражатты иемденген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: depositphotos.com

Ақмола гарнизонының әскери соты қорғаныс министрлігінің екі әскери қызметкері мен олардың бұрынғы әріптесіне қатысты алаяқтық ісін қарады.  

Сот кабинетінде жарияланған іс материалдарына сәйкес, олар әскери бөлімнің бюджетінен ірі мөлшерде ақша ұрлаған. Бұл үшін жалған ауру туралы анықтамалар рәсімдеп, сол құжаттардың негізінде екі әскери қызметкерді қызметке жарамсыз деп таныған. Нәтижесінде, біреуі 33 миллион теңгеден астам, ал екіншісі шамамен 50 миллион теңге біржолғы төлем алған. Ал схемада қатысқан бұрынғы әскери қызметкер әрқайсысынан 4 миллион теңгеден алып отырған.


Түркістанда бюджет қаражатын жымқырған білім бөлімінің басшылары сотталды


"Сот үкімі бойынша екі әскери қызметкердің бірі 6 жылға, екіншісі 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларды сот залында қамауға алды. Бұрынғы әскери қызметкер де 6 жылға сотталды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, сондықтан оған шағымдануға мүмкіндік бар”, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін Ақмола облысында шенеуніктер қандастардың қоныс аударуына бөлінген қаржыны жымқырғанын жазғанбыз.

Талқылау