Жақын туысы “той жасай алмадың” деп Төреғалиді ұятқа қалдырған (фото)
Алатаудың баурайында 5 күн қатарынан ән кешін өткізуді жоспарлап отырған Төреғали бүгін БАҚ өкілдерінің басын қосып, концерт алдында арнайы баспасөз-мәжілісін өткізді. Әдетте, мұндай бас қосу ресми түрде ұйымдастырылса, бұл жолы «Ұлы дала баласы» журналистерге ақ дастархан жайып, бет-бет жүздесуді жөн деп шешкен. Аталмыш шараға Stan.kz тілшісі де қатысып, танымал әншімен тілдесіп қайтқан болатын.
Бұл жолы әншіге жолданған сауалдардың санында шек жоқ! Соңғы 2 жылда журналистерді көрсе ат тонын ала қашатын Төреғали бүгінде өзін жұрт арасында жайсыз сезінетін болған.
«Мен өзім 100 пайыз халық болса, соның 69 пайызына жексұрынмын қазір. Халықтың көзқарасын өзгертетін сіздер. Тыңдарманның бізге деген ой-пікірін қалыптастыратын сіздер. Қаншама өнер адамдары күшті болып көрінетін еді халыққа», – деп әңгіменің әлқиссасын дәл осылай бастаған Төреғали тілшілер қауымына іштегі ренішін білдірді.
Айта кетейік, осыдан 3 жыл бұрын ақ ақ құсын қолына қондырған Төреғали дүбірлі тойдың биыл өтетінін хабарлаған еді. Алайда, алғашқыда Төрештің командасы тек «Айхай-25» атты кешін өткізіп, туған күнін тыңдарманның арасында атап өтуді жоспарлаған. Бірақ, қарапайым қарашадан гөрі, әншінің ет-жақындары сері жігітті сынға алған көрінеді.
«Дастархан басында, әке-шешемнің көзінше барлығы құтты болсын айтқан еді. Сәлден кейін 25 жас туған күніңді жасағаныңның не керегі бар, тойыңды жасай алмадың ғой деп қалды бір кісі. Мен сол кезде түсіндім, мен осы жаста осыны естісем, 50 жасқа дейін қыр соңымнан қалмайтынын. Сол кезде осыдан бір құтылайық деген шешімге келдік», – дейді жұбайын жұртқа таныстырып, көпшіліктің көкейіндегі сауалдарға нүкте қойғысы келген Төреш.
Зәулім сарайда 5 күн бойы тыңдарманды әнмен тербейтін Төреғали, дүбірлі тойдан кейін игі бастаманы қолға алуды жоспарлап жүрегін жасырмады. Ұлы адал баласы, алдағы уақытта туған жерінде мешіт салып, жамағатты жағымды жаңалықпен қуантпақ ниетте екен…
«Туған жерім Байқоңыр ғарыш айлағын білесіздер. Ол жерде қазақтар ғана әмір етпейді. Ол жерде шіркеу бар. Мешіттің жоқ екені, қаншама қандастарымызды қынжылтатын рас. Бірақ, осы нәрсеге Алла қаласа күш жұмсаймыз деп ойлаймын. Отызға дейін жетіп жатсақ, орда бұзғаным сол болсын. Оны да айтамыз. Өмірімдегі ең қуанышты жағдай болады», – дейді Төреғали.
Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.
Жіберіп алмаңыз:
Ернар Айдар: Түріктерден ән ұрлаған жоқпын (видео)
Әли: Талай аға әріптестерім қабылданбаған рөлге режиссер мені таңдады
Ажырасу мен айықпас дерт: Танымалдығын арттыру үшін «жұлдыздар» тағдырын өздері жазып әлек
Асылхан Төлепов бойдақтық өмірімен қош айтыспақ (фото)
Ерке Есмахан: Күйе жағу мен жаладан тірі кезде құтылмаймын ба?