Жақын күндері солтүстік өңірлерде күн күрт суытады
Қазгидромедтің хабарлауынша солтүстік Қазақстанда 18-19 қараша аралығында 20 градустық аяз болады.
« Жақын күндері нағыз аязды қыстың ауа райы солтүстік Қазақстанға келеді. Ол аймақта әсіресе түнгі уақытта 20 градустық боранды аяз болады деп болжануда», – дейді Қазгидромед сейсенбі күнгі ақпаратта.
Сондай-ақ, оңтүстік өңірлерде жаңбырлы ауа райы болмақ. Жауынның соңы қарға ұласып 15-25м/с жел тұрады,- деп күтілуде. Түнгі уақыттарда 5 градустық суық болады.
Талқылау