Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жақсы гонорар төледі": Ақбота-Нұр Сейтмағамбет "сүйісу сахнасына" қатысты ойын бөлісті

Отандық актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет желіде дау туғызған “сүйісу сахнасына” қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/akbotanurabaykyzy/

Өнер иесі көрерменге жол тартқан “Адал алаяқтар” фильміндегі "сүйісу сахнасы" туралы Revue News бағдарламасында айтып берді.  

“Оңай болған жоқ. Жан-жақтан соққылар келді. Хайп ретінде жасаған дүниеміз біраз денсаулығыма, жеке өміріме әсер етті. Хайптың аты хайп деген осы. Ол үшін жақсы гонорар төленіп жатыр", – отандық киножұлдыз. 



Одан кейін актриса түсірілім кезінде жарақат алғанын айтып, бүгінде денсаулығына күш түсіп тұрғанын жасырмады. 

"Продюсерімізге шағымданайын деп тұрмын. Түсірілімге барғанда жарақаттанып қалдым. Бір-екі қимылым дұрыс болмай, жігіттеріміз үстелді дұрыс қоймағандықтан құлап, жарақат алдым. Сосын он күндей емханада жатқан едім", – деді өнер иесі.  

Еске салайық, Ақбота-Нұрмен “сүйісу сахнасына” бірге түскен актер Ермек Шынболатов шаңырақ көтерген еді. 

Талқылау