Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жақында алғаш әке атанатынын жария еткен блогер Арчи болашақ сәбиінің жынысын анықтады

Арчи болашақ сәбиінің жынысын анықтадыФото: Видеодан скриншот

Жақында алғаш әке атанатынын жария еткен қазақстандық блогер Арчи (Артур Асқарұлы) гендер-пати жасап, болашақ сәбиінің жынысын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер ұлды болатын болды. Ол гендер-патиді Алматыдағы Орталық стадионда өткізген.

Желі қолданушылары мен блогердің достары оны құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

“Құттықтаймын”, “Ең бастысы ананың да, баланың да сау болуы, аман дүниеге келуі”, “Ұл болатынын біліп едім, құтты болсын”, “Керемет ұйымдастырылған гендер-пати”, – деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін Арчи лақап атымен танымал блогер сүйінші жаңалығын бөлісіп, жұбайының сәби күтіп жүргенін жариялаған еді.

Балнұр Жұмаділла
Дүйсенбі, 15 Желтоқсан, 2025 10:01