"Жақын арада тұтқындаймыз": Полиция атыраулық отбасыны өлтірген күдіктінің қайда екенін білетінін мәлімдеді
Фото: Құқық қорғау органдары
Атырау облысы полициясы кісі өлтіруге күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның әйелі Ақбаянның Өзбекстан арқылы Қазақстан шекарасынан өткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция мәліметінше, Ақбаян із-түзсіз жоғалған адам ретінде іздестіріліп жатыр. Негізгі күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев халықаралық “қызыл деңгейдегі” іздеу тізіміне енгізілген. Бұл дегеніміз, ол қай елде болса да, шекарадан өтуге тырысса, пойызға немесе ұшаққа отырса немесе көпшілік алдында көрінсе, құқық қорғау органдары оны ұстауға міндетті.
Тергеушілердің мәліметінше, екі күдікті де Қазақстаннан Өзбекстан арқылы шығып, мемлекеттік шекарадан өтіп, кейіннен басқа елдерде байқалған.
“Біз олардың қайда екенін білеміз. Қазір тиісті халықаралық рәсімдер жүріп жатыр және жақын арада тұтқындалуы мүмкін”, – деп хабарлады полиция.
Құқық қорғау органдары Ақбаянның денсаулығында мәселе бар екенін растады. Бірақ оны заңды түрде әрекетке қабілетсіз деп тану туралы ресми сот шешімі шығарылмаған және бірінші топтағы мүгедектік тағайындалмаған.
"Төртеу емес, алты адам": Атырау облысында із-түссіз жоғалған отбасыға қатысты тың дерек шықты
Атырау облысында бір отбасының 4 мүшесі із-түссіз жоғалып, оларға іздеу салынды
Атырауда жоғалып, өлі табылған ерлі-зайыптының денелерінде пышақ жарақаттары болған
Отбасының қазасы туралы не белгілі?
66 жастағы Мақсот Қарабалин мен оның 64 жастағы әйелі Нәсіп Өтешқалиеваның денесі 6 қаңтарда үйінің ауласындағы қорада көмілген күйінде табылды.
Марқұмның үш баласы болған. Олар 35 және 30 жастағы екі қызы және 32 жастағы ұлы.
Ерлі-зайыптыға, олардың 35 жастағы қызы мен 32 жастағы ұлына 2025 жылдың 25 желтоқсан айында ресми түрде іздеу жарияланды. Алайда, туыстары қараша айында отбасымен байланыс үзілгенін айтады.
7 қаңтарда отбасының 30 жастағы кіші қызы Ақбаян Мұқанғалиеваның хабар-ошарсыз кеткені айтылды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, олардың бес баласы бар.
Еске салайық, Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесі із-түссіз жоғалып кетті. Оларды іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Төрт ересек адам 2025 жылдың күзінде жоғалған. Алайда осы уақытқа дейін олардың қайда екені белгісіз.
Іздеудегі адамдар: 1959 жылы туған Мақсот Қарабалин, оның жұбайы 1961 жылы туған Насипа Өтешқалиева, олардың балалары 1990 жылы туған Мейрамгүл Қарабалина мен 1993 жылы туған Наурыз Мұқанғалиев. Олар бір үйде тұрған.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты