Жағдайы жоқ жанұялардың наразылығына шенеуніктер жауап қатты
Еңбек министрлігіндегілер атаулы әлеуметтік көмекке ілінбей қалған отбасы мүшелерін, оқытып, жалақысы жақсы жұмыс тауып береміз деп отыр. Бұл туралы КТК хабарлады.
Биыл қаңтардан бастап көпбалалы және тұрмыстық деңгейі төмен жанұяларға мемлекеттен берілетін әлеуметтік жәрдемақы төлеу ережесі өзгерді. Реформадан кейін кейбір отбасылар қаржылай көмектен қағылдық деп айғай салған еді. Атқамінерлер мұндай жанұлармен жеке-жеке сөйлесуге дайынбыз деп отыр. Айтуларынша, егер отбасында жұмысқа жарамды азаматтардың табысы ең төменгі күн көріс деңгейінің жартысынан асса ешқандай да жәрдемақы берілмейді. Дені сау, еңбекке қабілетті азаматтарға жұмыс тауып беруге әзірміз дейді шенеуніктер. Ал үйде мүгедек немесе бала күтімімен отырған әйел болса, мұндай отбасының әрбір мүшесіне 14 мыңнан төленеді. Және мал шаруашылығын, жеке кәсібін дамыту үшін де қаржылай қолдау көрестіледі екен. Ол үшін тұрғындар әкімдікке барып, келісімге отыруы тиіс. Яғни, сөзден сүрінбейтін шенеуніктер, керісінше, жәрдемақының көлемін арттырып, оны алатын отбасылардың санын көбейттік дейді.
“Біз үш әлеуметтік төлемді біріктіру мақсатында және ең төменгі күн көріс деңгейін арттыру арқасында биыл 350 мыңға жуық отбасын қамтимыз. Республикалық бюджеттен 19 миллиард шамасында бөлінген. Атаулы әлеуметтік көмек 2018 жылға дейін ең төменгі күн көрістің 40 пайызы төленетін болса, осы 18 жылдан бастап 50 пайызына дейін артып отыр”,- дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаменті директорының орынбасары Айнұр Әбдірахманова.
Жіберіп алмаңыз:
Ақтөбеде мафиямен байланысқан лауазымды полицей сотта жауап беріп жатыр
Астанада көлік қағып кеткен қыз жүргізушіні ең ауыр жазаға кесуді сұрады