Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жағдайлары өте ауыр: Алматыдағы үйлердің бірінде газ жарылып, 4 адам жарақат алды

Алматының Жетісу ауданындағы 3 қабатты жекеменшік үйде газ жарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үйге келіп жеткен құтқарушылар үйдің бірінші қабатында газ жарылғанын анықтаған. Салдарынан үйдің есік-терезелері сынып, 3 ересек адам және 1 бала жарақат алыпты. 

Құтқарушылардың мәліметінше, үйдің газ жүйесіне зақым келмеген. Газдың шығып кетуі орын алмаған.

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жарақат алған үш адам аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізіліпті. 1983 жылғы ер азамат пен  2000 жылғы қыздың денелерін 3 дәрежелі күйік шалған. Ер адам жасанды тыныс алу аппаратына  қосылған. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы өте ауыр. 

1996 жылғы жігіттің беті күйген. Дәрігерлердің айтуынша оның денесін 1 дәрежелі күйік шалған. Емделушінің жағдайы тұрақты, ауыр.

Қазіргі уақытта оқиға орын алу себептері анықталуда.

Талқылау