Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жағдайды сынып жетекшісі байқаған": Павлодар облысында өгей әке 15 жастағы қызын зорлады деген күдікпен ұсталды

Павлодар облысында ер адам 15 жастағы оқушыны зорлады деген күдікпен ұсталды. Деректерге сүйенсек, оқушының бойындағы өзгерістерді сынып жетекшісі байқап, өгей әкесінің зорлағанын білген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Павлодар облысының балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шакеневаның айтуынша күдікті Баянауыл ауданындағы ауылдық мектептердің бірінің 15 жастағы оқушысының өгей әкесі.

"Бұл факт сынып жетекшісінің арқасында анықталды. Ол оқушының жағдайын байқап, оны бақылай бастаған. Тұрғылықты жеріне барып, қызбен сыпайы түрде ашық сөйлескен. Кейін алгоритмге сәйкес бірден барлық мүдделі тұлғаларды хабардар етті", - деді Шакенева.

Полиция да бұл ақпаратты растады.

"Зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді",-деп түсіндірді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.



Сәуле Шакеневаның айтуынша, қазір бала дәрігерлердің бақылауында.

"Психологтар кәмелетке толмағандармен жұмыс істейді. Мен оған өзім баруды жоспарлап отырмын", - деп қосты ол.

Талқылау