Жүзіп жеттік: Астананы тағы да су басты (видео)
Елордамыз Астананы жауын-шашын салдарынан тағы да су басты. Әлеуметтік желі қолданушылары су басқан көшелер мен жолдарды видеоға түсіріп, жарыса бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Желіде тараған видеолардың бірінде үлкен көшелердің бірін су басып, көлік қозғалысы қиындағаны байқалады. Тіпті, кей тұрғындардың үрлемелі қайықпен жүзіп бара жатқанын көруге болады.
Өз кезегінде қалалық мониторинг және шұғыл жауап орталығының өкілі Астанадағы коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкенін мәлімдеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Су басуы мүмкін делінген аумақтарды жауапты коммуналдық қызметтер тәуліктік тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Жақын арада су басу салдары жойылатын болады», – дейді орталықтағылар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал қала тұрғындары Астананы жауын салдарынан жиі су басқанына ашулануда.
“Таяуда көліктің орнына катер мен моторлы қайықтармен жүзетін болармыз”, “Тамаша. Италияға барудың қажеті де жоқ. Ендігі көшелерге велосипедтердің орнына резеңке қайықтарды қойып қою керек шығар”, “Жыл сайын бір мәселе қайталануда” – дейді пікір қалдырушылар.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.