Жүрегіне шұғыл донор іздеген келіншек 2 қызы үшін өмір сүргісі келетінін айтып жылады
Жүрегінің көлемі екі есе ұлғайып кеткен келіншек донорды асыға күтіп жүргенін айтып жылады.
Бұл туралы “Айтуға оңай” бағдарламасында айтылды.
Арайлым 29 жаста. Осыдан үш жыл бұрын екінші қызын босанған кезде жүрегі ауырып жатып қалған. Содан бері ауырады. Екінші қызы Жанеркені қарауға мүмкіндігі де болмаған. Дәрігерлер оның бойынан тұқым қуалайтын дерт тапқан. Себебі, анасы да, әпкесі де осыдан көз жұмған. Арайлымның да бар уайымы осы. Ем іздеп бармаған жері жоқ. Елімізге келген Түркия, АҚШ мамандарына да қаралған. Дәрігерлер көп созбай жүрегін ауыстыру керектігін айтқан. Қазір ол донор күтіп жүр. “Отбасым үшін өмір сүргім келеді” дейді жас ана.
“Осы күнге дейін жетпейтін шығармын деп ойлағанмын. Бірақ, Алла-тағала пешеңе қанша уақыт жазса, соған көнеді екенсің, төзеді екенсің. Менің осы күнге дейін жетуім екі балапанымның арқасы шығар. Солар үшін өзіме ем іздеймін”, – дейді Арайлым Жарылқасынқызы.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Көршілерін өрттен құтқарған 3 баланың әкесі жұрттың ыстық ықыласына бөленді
Полиция капитаны жолда келіншекті босандырып, кіндігін кескен
Аптасына 7 күн қайырымдылықпен айналысатын астаналық жұртты тамсандырды
Түркістандық қыз өзінің күйеуге үшінші әйел болып шыққанын білмей қалған