Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жігіті өлтірді": Ақтауда денесі су арнасынан табылған марқұм қыздың туыстары оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді

Ақатауда су каналынан табылған 21 жастағы ақтаулық бойжеткеннің мәйітіне қатысты марқұмның туыстары мәлімдеме жасады. Әпкесі оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді және әділдік іздеуге ниетті екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

21 жастағы Валерия Шалнованың мәйіті 2 шілде күні таңертең су қабылдайтын каналдың жанынан табылған болатын.

“2 шілде күні сағат 08:00 шамасында 102 кезекші пультіне Ақтау қаласындағы көпір маңындағы су қабылдайтын арнада адам мәйіті жатқаны туралы қоңырау түсті. Тергеу-жедел тобы шақыртуға шықты. 21 жастағы қыздың мәйіті зорлық-зомбылық белгілерінсіз табылды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бойынша Ақтау қаласы ТЖД-да тіркелді. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды”, –  деп хабарлайды Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі.

Ал Валерияның туыстары суицид нұсқасына сенбейді. Олардың айтуынша, қыздың өліміне кінәлілер бар.

“Біз Леруды екі жылдан астам қарым-қатынаста болған жігіті өлтірді деп есептейміз. Себебі бұған дейін зорлық-зомбылық фактілерін байқадық. Тергеу барысында ол өз ісін мойындап, кейін сөзінен бас тартты. Оның үстіне Валерияның телефоны оқиға орнынан да да, жанынан да табылмады, керісінше, сол жігітте болды. Ал бізге өз-өзіне қол жұмсау туралы жалған хабарлама келді. Сараптама Лераның өлімі таңғы сағат 5-те болғанын көрсетті. Ал оның нөмірінен хабарлама бізге таңғы 6-да жіберілді”, – дейді марқұмның әпкесі Каролина.

Каролинаның айтуынша, оның әпкесі Ақтауда танымал спортшы болған. Ол қоян-қолтық ұрыспен кәсіби түрде айналысып, спорт жарыстарына қатысып, көптеген марапаттарға ие болған.

“Лера судан қатты қорқатын. Ол өзі суға бата алмайды. Біз әділдік пен тиісті тергеуді талап етеміз”, – деп қосты Каролина Шалнова.

Талқылау