Қазақстандық танысына өз үйінде тегін тұруға рұқсат берді, ал ол зейнеткерді 7 миллион теңгеге тонап кетті
Ақтөбеде зейнеткер танысын отбасымен үйіне кіргізіп, үй шаруасына көмектесіп, азық-түлік әкеліп тұрады деген тегін тұрғызған. Алайда сенген танысы қарияның атынан несие алып, тонап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Диапазон” порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Рexels.com
Виктор есімді зейнеткер үнемі Александр деген таксист жігіттің қызметін қолданып жүрген. Олар жақын араласып, бірге балыққа баратын болған. Қария зейнетке шықпас бұрын үй алып, таксистті отбасымен үйінде тегін тұрғызған. Ер адам коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге, зейнеткерге үй шаруасына және жылыжай күтіміне көмектесуге келіскен.
Зейнеткердің таныс жігітке банк карталарын да сеніп тапсырған. Қарияның телефонына банк қосымшасын көшіріп беруге алған ол зейнеткердің банк шотын өзі басқарып отырған. Осылайша қарияның атынан 1 миллион теңгеге несие рәсімдеп, қызының еміне деп зейнеткерден ақша алған.
Зейнетке шыққан соң Виктор мүлде үйден шығуды қойған. Аяғы ауырып бастырмағандықтан Александр өзі сауда жасап, азық-түлік алып келетін болған. Қарияның денсаулығы күннен-күнге нашарлай берген, бірақ бұл туралы Александр оның жақындарына айтпаған. Бірде Виктордың жағдайын білу үшін көршісі келген. Қарттың кейпін көрген ол шошып, бірден оның бұрынғы әйеліне хабар берген. Виктордың бұрынғы әйелі келгенде үйде тарақан мен тышқан қаптап кеткенін көріп жағасын ұстаған. Ал зейнеткердің өзі аяғы мен беті ісіп, өз бетінше жүріп-тұра алмай қалған. Ол шұғыл дәрігерге хабарласып, Викторды емдеп, аяққа тұрғызған.
“Қарияның банк картасындағы аударымдардың көрген әйел күмәнданып қалған. Өйткені 2023 жылы зейнеткердің шотынан 10 миллион теңгеден астам ақша шешілген. Қарт адамның мұнша ақша жұмсауы мүмкін емесе еді. Анықталғандай, Виктордың шотынан шешілген ақша Александрдың әйелінің картасына аударылып отрыған. Тағы бір қызығы, Виктор жұмыс істеп, айлық алып жүргенде Александрдың әйелінің шотындағы депозитке де ақша түсіп, несиелері жабылатын”, – деп жазды басылым.
Осылайша зейнеткер танысының үстінен полицияға арыз жазып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бір қызметте 43 жыл жұмыс істеген Виктор зейнетке шыққан соң күйзеліске түсіп, ауырып қалғанын айтады.
“Далаға шыға алмай қалдым. Банк картамды пәтерде тұрып жатқан адам азық-түлік әкеліп беру үшін соған бердім. Бірақ ол мені тонап, әйел екеуі менің ақшама асыр салып өмір сүрген. Сондай-ақ менің ауырып қалғаным туралы қызыма айтпаған. Менің өлгенімді күткені анық. Соның кесірінен мен жиған-тергенімнен айырылып, өліп қала жаздадым. Сотталушыдан 7 миллион 229 мың теңге өндіріп, оған ең ауыр жаза тағайындауыңызды сұраймын”, – дейді жәбірленуші.
Алайда сотталушы зейнеткердің ақшасын ұрлады деген айыппен келіспейтінін жеткізді. Ол жәбірленуші жала жапты деп отыр.
“Қолма-қол шығарыл алған ақшаны бірден жәбірленушіге беріп отырдым. Барлық банк шотындағы операциялар оның рұқсатымен жүзеге асырылды. Үй шаруаларына көмектестім, оның картасынан коммуналдық қызметтерді төледім. Ал бір миллион теңге несие рәсімдеу туралы айтсақ, жәбірленушінің өзі несие алуға келісіп, ақшаны өзіне беруін сұрады. Несиені өзі төлейтінін айтты”, – дейді айыпталушы.
Сотталушы жәбірленушінің ешқандай дәлелі болмағандықтан өзін ақтауды сұрады.
Десе де оның ақша ұрлағаны дәлелденді. Мысалы, жәбірленушінің шотына жалақы түскеннен кейін сотталушы оны басқа банктегі есепшотқа аударған. Содан кейін ақшаның бір бөлігін әйелінің шотына аударған. Сотта айыпталушының жәбірленушіге 7 миллион теңгеден астам шығын келтіргені расталды.
Судья Ербол Әбдіхалықов зейнеткерді тонап кеткен ер адамды 6 жылға соттады. Сондай-ақ сотталушы жәбірленушіге 7 миллион 229 мың теңге шығынды өтеуге міндеттелді.
Бұған дейін Астанада немересін шетелге жібермек болған зейнеткер 18 млн теңгеге алданып қалған еді.