Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда зейнеткер әжей алғаш рет 65 жасында тұрмысқа шықты

Ғаламторда 65 жастағы әжей мен 70 жастағы зейнеткер үйленді деген ақпарат тарады.

19060065_306643876427098_5498146825269650137_n

Зейнеткерлердің тойында түсірілген сурет Facebook желісінің “Жаға ұстатты” тобында жарияланды.

“Қалыңдық бірінші рет тұрмысқа шығып жатыр, жасы 65-те. Күйеу жігіт – 70 жаста. Ол үшінші рет үйленіп жатыр. Қалыңдық тойында өзгелер секілді гүл шоғырын лақтырған. Кімнің ұтып алғаны белгісіз. Той Оралда болды. Қалыңдық – ағылшын тілі мұғалімі, зейнеткер”, – деп жазылған парақшада.

Желі қолданушыларының басым бөлігі жұбайларға бақыт тілеп, оң қабақ танытып жатыр. Алайда мұның жалған екенін айтып сенбегендер де бар.

Бұған дейін Алматыда сексенге жақындаған ғашықтардың үйленіп, дүркіретіп той жасағанын хабарлаған едік.

Тағы да оқыңыз:

ШҚО-да 13 жасар зағип бала анасының жүзін көруді армандап жүр

Маңғыстауда түлектер мектеп бітіру кешінен бас тартып, науқас қызға көмектесті

Ауызашар берудің пайдалары мен сауабы қандай?

Талқылау