Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Зейнетақы жинақтары төмен болып отыр": Тоқаев үкіметке жаңа тапсырма берді

теңгеФото: Stan.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақы мәселесіне қатысты өзгерістер керек екенін мәлімдеді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айтуынша, демография және еңбек нарығындағы үрдістер зейнетақы жүйесіне қатысты ұстанымдарды қайта қарауды қажет етеді. 

“Азаматтардың, әсіресе, өз-өзін жұмыспен қамтып отырған адамдардың зейнетақы жинағы аз екені байқалады. Үкімет Ұлттық банкпен, сондай-ақ Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесе отырып зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайту, зейнетақы төлемдерінің ұзақ уақыт бойы теңгерімді және лайықты деңгейде болуын қамтамасыз ету шараларын ойластыруы керек", – деді президент.

Сондай-ақ президент азаматтардың қаржылық сауатын арттыру мәселесі әлі де өзекті екенін атап айтты.

"Осы ретте "AMANAT" партиясы ұсынған "Қарызсыз қоғам" жобасын жүзеге асыруды жалғастыру керек. Былтырдың өзінде осы жоба аясында 845 мың адам сауатын жетілдіріп, заңгерлік кеңес алды. Түпкі мақсат – халықтың мойнындағы қарызын азайту ғана емес, азаматтардың табысы тұрақты болуын қамтамасыз ету"", – деді Тоқаев.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 08 Қыркүйек, 2025 14:35
Талқылау