Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану: Елімізде 2022 жылы "жеткіліктілік шегі" күрт өспек

2022 жылдан бастап зейнетақы жинағының жеткілікті шегі өзгереді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зейнетақы жинағының бұл межеден асатын бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге жұмсауға болады. 

Мысалы, егер биыл 35 жастағы азаматтар үшін шекті көрсеткіш 2 940 000 теңге болса, келесі жылдан бастап ол 5 060 000 теңгеге дейін өседі, деп хабарлады БЖЗҚ сайты. 

25 жас үшін ағымдағы жылдың шегі - 2 090 000 теңге, 2022 жыл үшін - 3 730 000 теңге болады. 

Жеткілікті шек жинақтың ең төменгі жеткілікті шегін анықтау әдістемесіне сәйкес есептелетіні аталып өткен.

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының жеткілікті шегінің күрт өсуіне қатысты түсініктеме берді. Төмен жинақтық шекті айқындау әдістемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 2 қазанындағы №1042 қаулысымен (2021 жылдың 6 қаңтарындағы өзгерістерімен және толықтырулармен) бекітілген.

"2022 жылы әлеуметтік көрсеткіштер көлемі ұлғайды, яғни ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін өседі. Сол себепті 2022 жылғы ең төменгі жеткілікті шектің шамасы да өсті", - делінген хабарламада.


Қазақстанда 2022 жылы АЕК мөлшері қандай болады


Есептеу әдістемесі бойынша ең аз жеткілікті шектің шамасы әрбір жас үшін есептеледі. Сондай-ақ болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуін (индекстелуін) ескереді. 

Бұл ретте ҚР "Республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес, жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы (ЕТЖ), ең төменгі зейнетақы (ЕТЗ), ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. Осыған байланысты төмен жинақтық шек мөлшерін есептеу жыл сайын аталған көрсеткіштердің өсуін ескере отырып жүргізіледі.

Сонымен қатар БЖЗҚ минималды жеткілікті шек мөлшерін есептеу жыл сайын көрсетілген көрсеткіштердің өсуін ескере отырып жүргізілетінін түсіндірді. 

Бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры осыны ескеріп, 2022 жылға төмен жинақтық шек мөлшерін де көбейткен.

Төменде БЖЗҚ сайтында жарияланған кестені назарларыңызға ұсынамыз:

  • 20 жас – 3 140 000 теңге,
  • 21 жас – 3 250 000 теңге,
  • 22 жас – 3 370 000 теңге,
  • 23 жас – 3 490 000 теңге,
  • 24 жас – 3 610 000 теңге,
  • 25 жас – 3 730 000 теңге,
  • 26 жас – 3 860 000 теңге,
  • 27 жас – 3 980 000 теңге,
  • 28 жас – 4 110 000 теңге,
  • 29 жас – 4 240 000 теңге,
  • 30 жас – 4 370 000 теңге,
  • 31 жас – 4 510 000 теңге,
  • 32 жас – 4 640 000 теңге,
  • 33 жас – 4 780 000 теңге,
  • 34 жас – 4 920 000 теңге,
  • 35 жас – 5 060 000 теңге,
  • 36 жас – 5 200 000 теңге,
  • 37 жас – 5 350 000 теңге,
  • 38 жас – 5 490 000 теңге,
  • 39 жас – 5 640 000 теңге,
  • 40 жас – 5 790 000 теңге,
  • 41 жас – 5 950 000 теңге,
  • 42 жас – 6 100 000 теңге,
  • 43 жас – 6 260 000 теңге,
  • 44 жас – 6 420 000 теңге,
  • 45 жас – 6 580 000 теңге,
  • 46 жас – 6 750 000 теңге,
  • 47 жас – 6 920 000 теңге,
  • 48 жас – 7 090 000 теңге,
  • 49 жас – 7 260 000 теңге,
  • 50 жас – 7 430 000 теңге,
  • 51 жас – 7 610 000 теңге,
  • 52 жас – 7 790 000 теңге,
  • 53 жас – 7 970 000 теңге,
  • 54 жас – 8 150 000 теңге,
  • 55 жас – 8 340 000 теңге,
  • 56 жас – 8 530 000 теңге,
  • 57 жас – 8 720 000 теңге,
  • 58 жас – 8 920 000 теңге,
  • 59–62 жас – 9 120 000 теңге.
Талқылау